Қазақстан Өзбекстандағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан біздің еліміз Өзбекстанда болған оқиғаға алаңдаушылық танытады, — делінген ресми хабарламада.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін қолдайтынын білдірген.

Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз. Қазақстан Өзбекстамен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы Шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы Шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем, — делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды.