Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілді

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

Оның хабарлауынша бұл «азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында» жасалды.

Төтенше жағдай режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Төтенше жағдай кезінде республикада 21.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат болады. Комендатураның басшысы болып Өзбекстан ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды.

Қарақалпақстанға кіруге және одан шығуға шектеу қойылды, бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды.