Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің мәліметінше Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы ықпалынан жауын-шашын болмайды. Ал еліміздің қалған бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатындықтан қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста бұршақ, оңтүстік мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысы мен шығысында да жаңбыр жауады. Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Жамбыл облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда ​​облысының басым бөлігінде, Жетісу облысының батысында, Абай облысының батысы мен шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт болғанымен, жауын-шашын жоқ.

Алматыда секундына 2-7 метр жел соғады. Ауаның температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус ыстық болады.

Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус болады.