Антикор мемлекеттік ғимаратты арзан бағамен иеліктен шығарғандарды тексеріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша антикор ҚР мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығарды деген дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Шенеуніктердің Алматыдағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» ведомствосына тиесілі ғимаратты үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті саудаға қойылып, ЖОО-дағы қатысу үлестерін сату туралы шешімді Қаржы министрлігі шығарған болатын.