Доллар бағамы төмендеді

Доллардың 1 шілдедегі ресми бағамы — 470,34 теңге болса, күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 466,44 теңгеге тең болды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 463,62 теңге, сату – 468,10 теңге.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,54 теңгеден сатып алынып, 465,68 теңгеден сатылып жатыр.