Jusan bank ESG бағытындағы стартаптарды қолдайды

Astana Finance Days V конференциясы аясында Jusan Bank Қазақстандағы қаржы секторын дамытуға бағытталған іс-шаралар мен стартаптарды қолдады. Стартаперлер қаржы бойынша сауат, ішкі тұрақты даму, банктік процестерді оңтайландыру сияқты бағыттар бойынша шешімдерді ұсынды. Жеңімпазға жобаны дамытуға арналған Jusan гранты беріледі.

Өздеріңіз білетіндей, ESG — бұл қызметкерлерге, олардың дамуына және клиенттер, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін тиімді құрал деп айтар едік. ESG сияқты белгілі бір стандарттар шеңберіндегі жұмыс әдістері мәселелерді тиімді шешуге, уақыт үнемдеуге көмектеседі. Сондықтан біз Mastercard және Tech Hub байқауын бизнес-серіктес ретінде қолдап отырмыз. Себебі онда қызық идеялар болды. Жеңімпазды таңдау қиынға соғатыны анық. Дегенмен байқау болған соң біреуін таңдауға тура келді. Енді Jusan грантын алатын жоба бізбен бірге дамиды, — деді Jusan Invest басқарма төрағасы Максим Кабанов.

Jusan сонымен бірге Нұр-Сұлтанға бұқаның мүсінін сыйға тартты. Мүсін халықаралық қаржы орталығы ғимаратының жанына орналастырылды.

Фото: Jusan bank

Максим Кабановтың айтуынша, мүсін үшін бұл  орын кездейсоқ таңдалмаған.

Бизнесте өнімге сұраныс пен одан түсетін табыс көбейсе, мұны «бұқа» деп атайды. Сондықтан бұқа қаржы саласының символына айналды. Нью-Йорктегі Уолл-Стритте  бұқаның әйгілі мүсіні бар. Ал біздің 500 келі шығатын мүсінімізді қазақстандық суретші Ғалым Төлеуғазы жүзден астам автомобиль және велосипед дөңгелектерінен жасады. Мүсіннің биіктігі — 2,1 метр, ені — 1,6 метр, ұзындығы — 5 метр. Арт-нысанның басты мақсаты — қазақстандықтарға табиғатқа ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға үндеу, — деді Максим Кабанов.

Фото: Jusan bank

Бұл бұқа — Қазақстандағы үшінші мүсін. Бұған дейін Jusan Алматы мен Шымкентке дәл осындай мүсінді сыйлаған.

Бұған қоса, Jusan-ның өзі ғимараттарында «Жасыл кеңсе» мен қалдықтарды сұрыптап жинау үрдісін енгізген.