Қаржы пирамидаларын жарнамалау: сенат заңға түзетулерді қабылдады

Заң жобасы қылмыстық кодекске жаңа, «Қаржылық, инвестициялық пирамидаларды жарнамалау» туралы бап енгізуді ұсынады.

Заң жобасының мақсаты — қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін жауаптылықты күшейту, сонымен қатар азаматтарды қаржылық пирамидаға тартуға алып келген ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты заңнамалық реттеуді қамтамасыз ету, — дейді сенаторлар.

Заң жобасына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құрғаны және оларға басшылық жасағаны үшін жазаны қатаңдату;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамида ақпаратын айтарлықтай залал келтіре отырып, оған адамдарды тартуға алып келген жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрон ақпараттық ресурстар арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалағаны үшін тергеуге жататындығын айқындау болып табылады.

Заң жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  • азаматтарды қаржылық (инвестициялық) пирамидаға тарту, оның ішінде қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру жөніндегі қылмыстық пиғылдың алдын алу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметінен зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету.