Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қант қоры 100 мың тоннадан асады, ал айына тұтыну — 59 мың тонна. Бұл – жеткілікті мөлшер. Бірақ үй жанындағы дүкендерде қант 700-800 теңгеден сатылады. Бұл – сұранысты пайдаланып, үстеме ақы қойып отырған жеке тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Жалпы қанттың орташа бағасы шамамен 480-490 теңге/кг болуға тиіс. Мұны ретке келтіру керек, — деп тапсырды премьер- министр.