Доллар 300 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін — Сарапшылар

Бас сарапшының айтуы бойынша, валюта бағамының осы аптадағы болжамдары бейтарап қалып отыр. Қазіргі үрдіс жалғасын табады деп күтілуде.

«KASE-нің валюта сегментінде АҚШ долларының 300 теңгеге дейін төмен түсуі мүмкіндігі талқылануда. Мұндай болжам бар, бірақ оның жақында орын алуы нақты емес. Әзірше мұнай құны жоғары сақталып отырғанда, шикізаттық валюталар біршама қолдауға ие болуда. Баррель бағасы тұрақты деңгейден шыққан кезде, теңге деңгейі де өзгеріске ұшырайтыны анық», — деп хабарлады Анна Бодрова.

АҚШ доллары 320,55-322,85 теңге аралығында саудаланса, еуро 342,50-346,50  теңге маңайында қалады. Сондай-ақ Анна Бодрова өткен аптаны қорытындылай өтті. Айтуынша, қазақстандық валюта біршама ауытқыған.

«Инвесторлар Халықаралық энергетикалық агенттіктің биылғы жылдың басынан бастап мұнай өндірісінің көлемін азайтуға қатысты көрсеткіштеріне оң қабақ танытуда. Мұнай өндірісі орташа есеппен тәулігіне 1,4 млн баррельге дейін төмендеген. Бұл ОПЕК елдерінің келісімінде көрсетілген деңгеймен пара-пар. Сауда қатысушылары бұған біршама белсенді назар аударғаны байқалды, мұнай құны бірден көтерілді, алайда көп ұзамай, өзінің бұрынғы деңгейіне қайта оралды», — дейді Анна Бодрова.

ДереккөзInform.kz