Оның айтуынша, шаһардың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сол үшін қалада алдын алу шаралары қолға алынып жатыр.
Биылғы жылдың соңына дейін ауданда «Сергек» камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарланып жатыр. Адамдардың жаппай жиналатын орындарға қосымша 541 бейнекамера, оның ішінде 200-і аулаларда, 118-і саябақ, алаңдарға және 223 қиылыстарға орнатылады. Бұл ретте айта кетейін, бұрын бюджет есебінен аулаларда камералар орнатылмаған болатын, — деді Алматы әкімі.