Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ бас ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін, — деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.