Ведомство Қазақстанда көлік құралын тіркеу өңірін сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі (қазір – 1-ден 17-ге дейін) қолданылатынын атап өтті. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына қарай мемлекеттік тілде әліпбилік тәртіппен беріледі.
Осыған байланысты, жаңадан пайда болған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарына мемлекеттік нөмірлер өңірлерінің кодтарын цифрлық белгілеуді мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20, – деп жауап берді ІІМ.
Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.
Еске салсақ, 2022 жылғы 4 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлыққа қол қойды.