ЕО елдері Украинаға кандидат мәртебесін беруге дайын

Агенттік мәліметінше, бұл қадам осы аптада, 23-24 маусымда ЕО елдері көшбасшыларының саммитінде жүзеге асырылған. Бұдан бөлек, мемлекеттер Молдоваға, Грузияға кандидат мәртебесін беруге дайын, алайда қосымша шарттар орындалу керек.

Егер Киевтің ЕО-ға кіруге кандидат мәртебесі мақұлданса, Украина билігі одаққа кіру үшін қойылатын барлық талаптарға сай келудің бірақатар шарттарын орындауға тиіс:

  • Жоғарғы сотқа судьяларды тағайындау рәсімін заң жүзінде бекіту,
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту,
  • ақшаны жылыстатуға және олигархияға қарсы күрес жөнінде заңдар қабылдау,
  • осы саладағы өз заңнамасын еуропалық нормалармен келтіре отырып, БАҚ-тың тұрақсыздығын болдырмау,
  • сонымен қатар ұлттық азшылықтардың құқықтары жөніндегі құқықтық реформаларды аяқтау.

Еурокомиссия барлық тармақтар бойынша прогрессті мұқият қарап, келесі жылы сәйкес баяндама ұсынатыны аталып өтілді.