Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент Қылмыстық кодектің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросымен бірлесіп Қайсар Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қазір ұсталған адамды Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүріп жатыр.