Министр: Қазақстан Украинадағы үнді студенттерін қабылдауға дайын

Үндістан үкіметі бізге ресми жүгінді. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхи келді. Украинада жиырма мыңнан астам студенттің білім ала алмай қалғаны туралы мәселе көтерілді және бізден көмек сұрады. Жалпы біздің университеттер көмек көрсетуге, шамамен 200 студентті қабылдауға дайын, — деді Ажар Ғиният үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, шетелдік студенттер оқу ақысын өздері төлейді. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндікке қарай үндістандық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылатынын атап өтті.