Біз онлайн-сатылымдағы тауарлар мен қызметтерге сараптама жасап, ең танымал әрі ерекше өнімдерді анықтадық. Осы жылдың басынан бері қазақстандықтардың смартфонға деген махаббаты ұлғаймаса, әлсіреген жоқ. Jusan Bank сарапшыларының айтуынша, адамдар банктің мобильді қосымшасы арқылы күн сайын оншақты гаджет сатып алады.
Цифрландыру мен өмір ырғағы адамдардың мобильді болуын талап етеді. Бүгінде бір гаджет арқылы көп нәрсені жасауға болады, әрине, бұл өнімдердің танымалдылығын арттырады. Кейінгі бес ай және мамыр айының қорытындысы бойынша топ-5-те алғашқы екі тауар, смартфондар, өзгеріссіз қалып отыр. Смартфондардың халық арасында жоғары сұранысқа ие болуына Jusan мобильді қосымшасындағы жоғарылатылған бонустар маңызды роль атқарады, тіпті бөліп төлеу арқылы сатып алған кезде де бонустарға ие боласыз. Бонустар есебінен бізден жиі сатып алынатын өнімдердің қатарында ноутбуктер, тұрмыстық техника, жиһаз және автоөнімдері бар, — дейді сарапшылар.
Тұрмыстық техникаға сұраныс та сақталып отыр. Осылайша, биылғы бес айда қазақстандықтар шаңсорғыштар мен кір жуғыш машиналарды банк қосымшасы арқылы жиі сатып алған. 2022 жылдың бес айы бойынша топ-5 тауар келесідей:
- Apple iPhone 13
2. Samsung Galaxy A52
3. MacBook Air 13
4. KUGOO M4 Pro 2020 18 Ah самокаты
5. LG F12B8WDS7 кіржуғышмашинасы
Мамыр айы бойынша топ-5 тауарлар:
- Apple iPhone 13
- Samsung Galaxy A52
- Apple iPhone 11
- Artel VCC 0220 шаңсорғышы
- MacBook Air 13
Жыл басынан бергі сатылым деректеріне сүйенсек, қазақстандықтар өздеріне көбірек инвестиция жасай бастаған. Пайдаланушылардың көбі банк қосымшасы арқылы фитнес залдарына, оқу және білігін арттыратын курстарға жазылған, көру қабілетін жақсарту және пластикалық хирургия қызметтерін сатып алған. Ең қызығы, тек Jusan дүкенінде сатып алуға болатын ерекше тауарлар бар: 1. Үйді газдандыру; 2. Акустикалық рояль Petrof; 3. «Беташар» шарасын ұйымдастыру; 4. Сыйлық қорабындағы «Гарри Поттер» кітаптарының коллекциялық басылымы; 5. Робот шөп шапқыш.
Ассортименттің тұрақты өсуі Jusan қосымшасында басқа онлайн-дүкендерде жоқ тауарлар мен қызметтерді халыққа ұсынуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, адамдар тіпті үйлерін газдандыруға және өмірдегі ең маңызды оқиғалардың бірі — беташарды ұйымдастыруға онлайн тапсырыс беруге дайын, — дейді сарапшылар.
Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары жыл басынан бері белсенді сатып алушылар қатарында. Сонымен бірге алғашқы бестікте Шымкент, Қарағанды және Ақтөбе қалалары бар.
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.