Басты бетЖаңалықтарТоқаев: Қаңтар...

Тоқаев: Қаңтар оқиғасын тергеу үлкен қиындықпен өтіп жатыр

Алматыда мемлекеттік төңкеріске, мемлекет басшысын лауазымынан ығыстыруға талпыныс болды. Біз мұның тәжірибелі кәсібилердің жақсы ұйымдастырған акциясы болғанын түсінеміз. Олар адамдарды әкімшілік ғимараттарға бастап барды. Сонымен қатар осы оқиғалар кезінде 3 мыңнан астам қару ұрланды. Олардың басым бөлігі әлі күнге дейін қолда жүр. Біз тергеуді үлкен қиындықпен жүргізіп жатырмыз. Себебі, осы оқиғалардың ұйымдастырушылары мен үйлестірушілері өздерін барынша кәсіби ұстап, барлығын әшкерелеуге мүмкіндік беретін өте маңызды ізді білдірмей жібере алды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, ведомствоаралық арнаулы топ мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған осынау талпыныстың барлық мән-жайын ашу үшін табанды түрде жұмыс істеп жатыр.

Алматыға өте қатыгездікпен шабуыл жасалды. Адамдар өте қатты зорлық-зомбылыққа ұшырады. Үлкен базарлардан келген мародерлер өте көп болды. Алматы әкімдігі мен президент резиденциясының өртенгенін айтып та отырғаным жоқ. Алматыда орын алған оқиғаға жеңіл қарауға болмайды, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев трагедия ауқымының үлкендігін және қысқа мерзімде барлық мән-жайды ашудың қиындығын баса айтты.