Менде кабинет пен ғимарат та, кресло да, қызметкер де жоқ. Креслоны әлі табу керек. Кабинетті енді береді. Әзірше, біз бұрынғы білім және ғылым министрлігінің ғимаратында отырмыз. Бүгінде министрлікті екіге бөлу жұмыстары басталды. Бірақ бұл сәл күрделі процесс. Бізге қазір үлкен әкімшілік ауыртпашылық түседі, — деді министр.
Саясат Нұрбек бірінші мақсат – министрлікті құрып алу екенін, әлі жұмыс көп екенін айтты.
Кейінгі 15 жылда жинаған барлық ұсынысты жинақтап, өз бастамаларымды жүзеге асыруға өмірімде бірінші рет мүмкіндік берілді. Бір жағынан іштей қобалжып тұрмын. Үлкен үміт те бар. Халқымызға қызмет етіп, ең бастысы президенттің сенімін ақтау керек. Жалақымды шын білмеймін. Менің келісімшартым әлі жоқ. Заң тұрғысынан министрлік әлі құрылған жоқ. Үкіметтің қаулысын дайындап, жұмысты өзіме қабылдауым керек, — деді Саясат Нұрбек.