Басты бетЖаңалықтарҚонаевтағы казинолар...

Қонаевтағы казинолар жұмысын жалғастыра ма?

Бұл мәселе ұлттық экономика министрлігі деңгейінде талқыланған жоқ. Бірақ, Қонаевтың қазіргі ерекше мәртебесін ескере отырып, талқыланады деп ойлаймын. Ол облыс орталығына айналды, сондықтан бұл мәселе әлі де талқылануда деп ойлаймын,- деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Еске салайық, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда жаңа үш аймақ пайда болатынын айтқан болатын.

Содан кейін Алматы облысының орталығына айналатын Қапшағайдың атын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. 3 мамырда тиісті жарлыққа қол қойылды.