Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Армения Республикасының үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.