ҰБТ-дан 139 балл жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды

Оның айтуынша, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған. Тиісті шара қолданып, түлектің ұпайы жойылған.

Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды,- деді Руслан Емелбаев.

Руслан Емелбаевтың айтуынша, тиісті шаралар қолданып, түлектің ұпайы жойылды.

Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 ұпай жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл сіз болуыңыз мүмкін, біз сізді күтеміз!, – деді «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар ол дәл қазір 100-ден аса жоғары ұпай жинаған талапкерлердің бейнежазбасын қосымша тексерістен өткізіп жатқанын атап өтті.