Министрлік: ҰБТ кезінде әр талапкерді екі камера бақылайды

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 90 талапкер айырылды.

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есе аз.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ үш деңгейлі жүйе бойынша өткізіледі: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сонымен қатар тестілеу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.

2022 жылдан бастап тестілеу алғаш рет «бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші» қағидасы бойынша өткізілді. Егер бұрын тестілеу барысы әр компьютердің үстінде орналасқан бір ғана камерадан бақыланса, енді ҰБТ кезінде жеке тұлғаны сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (алдыңғы) камера орнатылды,- делінген хабарламада.

Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 229 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.