Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай білім грантын алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына білім гранты бөлінетінін мәлімдеді.

Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды.

Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы каналына.

Бүгін білім және ғылым министрлігі дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сайлаудан кейін Қазақстан үкіметі тарайды

Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлаудан кейін үкімет отставкаға кететінін айтты.

Бірмандатты округтер бойынша мәжіліске өткендер тізімі белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліске бір мандатты округтер бойынша сайланғандардың тізімін жариялады.

Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысында су тасқыны қаупі бар екенін ескертті.

Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Өткен тәулікте 66 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Елімізде кейінгі тәулікте 66 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысы Израиль президенті Ицхак Герцогпен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефонмен сөйлесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.