Дәулет Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы болды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Алдияров атқарған еді.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.