12 әскери курсант Тоқаевтың қолынан офицер погонын алды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуына қарағанда, бас байрағымызды көтерген сәтте ең үздік курсанттарға әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналған.

Сіздер қарулы күштеріміздің 30 жылдығында офицер атанғалы тұрсыздар. Бұл – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Сондықтан осы мәртебеге лайық болып, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетулеріңіз керек. Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздік туын биік ұстау – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның абыройлы міндеті. Ерлік істер осындай патриоттық сезімнен бастау алады. Сіздер ел үмітін ақтайсыздар деп сенемін. Әскери шендеріңіз құтты болсын!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! – деді мемлекет басшысы.

1654320049 DSC 1155 2 12 әскери курсант Тоқаевтың қолынан офицер погонын алды
Фото: Akorda.kz

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орнының 12 үздік түлегі Қазақстан президенті – Қазақстан Республикасының жоғарғы бас қолбасшысының қолынан офицер погонын алды.

1654320268 KZ1 2700 2 12 әскери курсант Тоқаевтың қолынан офицер погонын алды
Фото: Akorda.kz
1654320089 KZ3 3837 12 әскери курсант Тоқаевтың қолынан офицер погонын алды
Фото: Akorda.kz
1654320110 DSC 1136 2 12 әскери курсант Тоқаевтың қолынан офицер погонын алды
Фото: Akorda.kz
1654320122 DSC 1139 2 12 әскери курсант Тоқаевтың қолынан офицер погонын алды
Фото: Akorda.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да