Депутат ішімдік ішкен әшілерді сахнадан 5 жылға дейін аластатуды ұсынды

Оның айтуынша ҚР қылмыстық кодексінің 372-ші бабы бойынша «Қазақстан Республикасының рәміздерін қорлау – 2 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әдетте концертті кімдер ұйымдастырды? Қалтасында қомақты қаржысы барлар өткізеді. Оларға мына мөлшердегі айыппұлды төлей салу түкке тұрмайды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 434-бабы бойынша, әртістердің көпшілік алдында былапыт сөздер айтуы ұсақ бұзақылыққа жатады. Заң бойынша бұл үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады. 440-бапта көпшілік алдына ішімдік ішіп шыққаны, есірткі пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, — деді Нұртөре Жүсіп.

Депутат әдепсіздік көрсеткен, былапыт сөз айтқан, есірткіге елігіп, ішімдік ішкен әншілер мен өнерпаздарды 5 жылға дейін сахнадан аластатуды ұсынды.

Бұқаралық мәдени шараларды өткізу мен жүргізу талаптарына халықтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын сақтау мен сыйлау ережелерін енгізуді, осы талаптарды бұзған шығармашыл ұйымдар мен әншілердің қызметін 5 жылға дейін шектеу қоюды талап етеміз, — деді Нұртөре Жүсіп.

Еске салайық, Алматыда әншілердің мемлекеттік туды қорлау әрекетінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев рәмізді пайдалану тәртібін қайта қарауды тапсырды.