Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ведомоство мәліметінше, 2-3 мамыр күндері таулы аймақтарда ауа райы күрт нашарлайды.  Сондықтан, қала тұрғындарынан жақын күндері таулы аймақтарға шықпауды сұрады.

2 маусымда Алматы тауларында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 3 маусымда қатты жаңбыр, биік таулы аймақтарда қар күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап,  бұршақ жауады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, — делінген хабарламада.