Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар: құтқарушылар ескерту жасады

Осыған орай құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға шақырды.

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 28-29 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, – деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан тауға саяхаттауды кейінге шегере тұруды сұрайды.