Балқашта әріптесіне оқ атқан әскери қызметкер қамауға алынды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ішкі істер министрлігі орталық өңірлік әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаштағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.