Басты бетЖаңалықтарХалықаралық пәндік...

Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары ақшалай сыйақы алады

Вице-министрдің айтуынша, осыған орай республикалық бюджеттен биыл 94 миллион теңге бөлініп отыр. Биыл қазақстандық оқушыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 квота бөлінді. Оқушылар шілде-тамыз айларында қатысады.

Алғаш рет республикалық қаражат есебінен осы халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегері, оларды дайындаған ұстаздарға сыйақы беру көзделген. Бұл балаларға ел президентінің үлкен қолдауы. Республикалық бюджеттен 94 миллион теңге бөлінді. Бұл жұмыстардың барлығы 20 тамызға дейін аяқталады, өйткені соңғы олимпиада 17 тамызда өтеді. Бірінші қыркүйекке дейін табыстаймыз, — деді Шолпан Қаринова үкімет отырысында.

Еске салайық, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына білім гранты бөлінетінін мәлімдеді.