Еңбек министрлігі жастарды жұмысқа орналастыру жобасын іске қосты

35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған.

Жоба аясында биыл мамырдан бастап «Enbek.kz» электрон еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жұмыс іздеушілер Enbek.kz порталының басты бетіндегі баннерді басып, ERG тобындағы компаниялардың бос жұмыс орындарының тізімін көре алады.

Жоба іске қосылғалы түрлі мамандық бойынша 346 бос жұмыс орны көрсетілген. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да