Елімізде дәрігерлердің жалақысы 530 мың теңгеге дейін өседі

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы айына 320-дан 531 мың теңгеге дейін өседі. Жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы – 173-тен 250 мың теңгеге дейін өседі.

Ералы Тоғжанов сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің де жалақысы көтерілетінін мәлімдеді.

Қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірісін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. Жыл соңына дейін тағы төрт компанияда өндірістік қызметкерлердің жалақысы 5-тен 18% дейін өседі. 2022 жылдың сәуір айынан бастап қор компаниялары тобының өндірістік қызметкерлерінің жалақысы 5-тен 48% дейін өсті. Бұл ретте ақылы аз қызметтерге басымдық берілді, — деді Ералы Тоғжанов.