Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 4 адам сотталды

Ақпаратқа сәйкес, қылмыс төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан бекітілген жаза да ауыр болады.

Қаңтар оқиғасы кезінде тұрғын үйге заңсыз еніп, қарақшылық жасаған 4 адамға қатысты қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлігі және 191 бабтың 3 бөлігі бойынша айып тағылып, соттың үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деді Әуезов аудандық соты кеңсесінің бас маманы Әділет Бақтыбай.

Айта кетейік, Алматы сотында барлығы 287 тұлғаға қатысты 188 іс қаралды. Оның ішінде 24 айыпталушы бас бостандығынан айырылса, қалғандарына бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Кейбір іс тараптардың татуласуына байланысты жабылса, кейбірі прокурорларға қайтарылды.