Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда бір...

Нұр-Сұлтанда бір мезетте мың оқушы күй орындады

Ең ауқымды домбыра сабағына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлық етті.

Домбыра – әрбір қазақ үшін қасиетті аспап, ал біздің сабағымызды Гиннесс рекордтар кітабына енгізу – бұл домбыраны бүкіл әлемге паш ету,- деді  Айтжан Тоқтаған.

Guinness World Records-қа өтінім былтыр желтоқсан айында берілген.

Гиннесс рекордтар кітабының талабы бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздегі барлық Назарбаев зияткерлік мектебінде домбыра пәнінің электив курстары енгізілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @official.nis