Алматы облысының екі ауылын су басты

Көшесін су басқан ауылдардың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрдан жеке тұрғын үй аулалары арқылы өтіп жатқан суды байқауға болады.

Ақпаратқа сәйкес, видео Қоғалы және Байғазы ауылдарында түсіріліген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір судың деңгейі төмендеген.

Байғазы өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, ауылдың бірнеше көшесін су басты. Су ауыл тұрғындарының бау-бақшасы мен аулаларына кірген. Сонымен қатар қатты жауын салдарынан Қоғалы ауылының бірнеше көшесі мен бір үйдің ауласын су басты. Су үйлерге кірмеген. Қазір оның деңгейі төмендеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр, — делінген хабарламада.