Президентке министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған өңірлік жол карталарының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.
Сонымен қатар мемлекет басшысына геологиялық саланың жағдайы мен ұлттық геологиялық қызметті құру жұмыстары туралы баяндалды.
Бұдан бөлек президентке су шаруашылығы инфрақұрылымының ахуалы, вегетациялық кезеңді өткізу, жаңа су кодексі, сонымен қатар орман шаруашылығы мен жануарлар әлемінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы министрлікке экологиялық мәселелерді шешу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту және геологиялық саланы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.