TiJi арнасы мультфильмдерді қазақ тілінде көрсетуді бастады

TiJi арнасының 20 елде 14 түрлі тілде хабар тарату тәжірибесі бар. Телеарнаның негізгі миссиясы — 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістік қалыптастыру.

TiJi арнасы Қазақстандағы Алма ТВ, TV Commerce, Қазақтелеком, Фермата ПРК, Қайнар Медиа (Талдықорған), Тералайн (Нұр-Сұлтан), ТТК (Теміртау) сияқты операторлардан көруге болады.