Басты бетЖаңалықтарЕлімізде пандемиямен...

Елімізде пандемиямен күреске қанша қаржы жұмсалды?

Пандемия басталған 2020 жылы бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалған болатын.

Қаржының 28 миллиарды дәрі-дәрмекті, соның ішінде қорғаныс құралдарын және медициналық техниканы сатып алуға жіберілді. 197 миллиард теңгесі дәрігерлердің еңбекақысы сол кездегі үстемеақыға жұмсалды. Іссапар шығындары да болды. Әсіресе, санитарлық эпидемиология қызмет мамандары іссапарға жиі шыққан, — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министрдің дерегінше, бұдан бөлек 20 миллиард теңге медициналық сақтандыру қорына аударылды. Оған медициналық көмектің ақысы төленді.

Ал 2021 жылы 556 миллиард теңге болды. Өйткені ол жылы жыл бойы коронавирус инфекциясымен күрестік. Үш толқыны болды. Аурудың ушыққан түрі шықты. Сол кезде 97 миллиард теңгеге вакцина сатып алынды. ПТР-тест пен шприцтер жеткізілді. Сонымен қатар 413 миллиард теңгесі медициналық қызметкерлердің үстемеақысы мен еңбекасына аударылды. 40 миллиард медициналық сақтандыру қоры арқылы ауруханалар мен емханаларға төленді, — деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, биыл пандемиямен күрес шараларына 86 миллиард теңге қарастырылып отыр. Соның ішінде 9 миллиард вакцина алуға жұмсалады. Ал 20 миллиард теңгесі былтыр сатып алынған Pfizer вакцинасы үшін төленді.