Тоқаев үкімет басшылығымен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиынға премьер-министр Әлихан Смайылов, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, үкімет мүшелері және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басшылығы қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылды, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.