Басты бетЖаңалықтарКаспий теңізіне...

Каспий теңізіне батып кеткен үш адамның денесі табылды

 Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 19:58-де құтқарушылар судан 1999 жылы туған Қарағанды ​​тұрғынының денесін, 21:36-да 1999 жылы туған екінші қарағандылық азаматтың мәйітін, 22:07-де суға батып кеткен Ақтаудың 23 жастағы тұрғынының денесін шығарды.

Қарағандылық екі жігіт суға батып кеткен ақтаулық жігіттің тойына келген. Анықталғандай, екі жігіт шомылмақшы болған, тағы екеуі суға оларды құтқару үшін түскен. Жолдастарын құтқару үшін суға секіргендердің бірін оқиға куәгерлері алып шыққан. Ол Бейнеудің 26 ​​жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді,- деді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Іздестіру кезінде сүңгуірлер Каспий теңізінің түбіне үш метр тереңдікке сүңгіген. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық қызметінің тобы да жұмыс істеп, суға кеткен ерлердің жақындарына көмек көрсетті.

Оқиға орнынан ішімдік табылды.