Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қашып кетті

Фото: Tengrinews.kz

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі патрульдік-күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімшеге қайтып келмеген.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2003 жылы туған. Қорғаныс істері жөніндегі департамент оны 2021 жылдың маусым айында әскерге шақыртқан.

bfac9da3c89fc682957e760011464427 Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қашып кетті

Мақалаға реакция