Басты бетБастыБарлық аудан...

Барлық аудан орталығы 4G-мен қамтылады -Дәурен Абаев

Дәурен Абаев елімізде 3G, 4G желісі қарқынды түрде дамып жатқанын атап өтті. Олардың абоненттері 4 млн-ға жеткен.

«2017 жылдың соңына қарай біз 4G желісімен барлық аудан орталығын қамтуды жоспарлап отырмыз. Байланыс желілері де дамып келеді. Бұл сапалы телекоммуникациялық қызметке қол жеткізген халық үшін де, байланыс операторлары үшін де тиімді болып отыр. Сондай-ақ бюджетке қосымша кіріс келтіруде. Мәселен, 2016 жылы республикалық бюджетке радиожиілік шоғырын қолданғаны үшін төлем ретінде 70 млрд теңге түсті», — деді ол.

Сондай-ақ министр ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету үшін де жағдай жасалынатынын айтты. 2020 жылға дейін МЖС аясында 2 млн адам тұратын 1 300-ден астам ауылды талшықты оптикалық байланыс желісімен қамтитын жобаны жүзеге асырылмақ.

«Мұны Мемлекет басшысы Жолдауда маңызды бағыт ретінде атап өтті. Осыған байланысты Байланыс департаментіне 1 наурызға дейін Ұлттық экономика министрлігімен жобаның тұжырымдамасын келісуді тапсырамын», — деді Абаев.

Еске сала кетейік, сандық жер серікті хабар тарату Қазақстанның 100 пайыз аумағын қамтып отыр. 2016 жылдың қортындысы бойынша OTAU TV абоненттерінің саны 1,2 млн-нан асқан.

ДереккөзBaq.kz