Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда «Асқар Маминге қатысты тергеу басталды» деген ақпарат тараған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ, — деп жауап берді Ұлан Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.