Басты бетЖаңалықтарАлматыда 1-класс...

Алматыда 1-класс оқушысы зорланды: білім министрлігі мектепті тексерді

Кеше білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-класс оқушысына қатысты мән-жайды зерделеу үшін Алматыға ұшты. Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, — деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Сонымен қатар комитет қызметкерлері Алматының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. «Мариям» жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгіме жүргізілді.

Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жатыр, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды жасауда (класта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар тәртіп бұзушылық анықталды, — деді балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады.

Еске салайық, құқық қорғаушы Дина Смаилова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1-класс оқушысын жоғары класс оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлағанын айтқан болатын.