Заңға қайшы 700-ге жуық интернет-ресурсқа шектеу қойылды

Комитет Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін атап өтті.

2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында «Байланыс туралы» заңның 41-1 бабы 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

Олардан мынадай заңбұзушылықтар анықталды:

  • экстремизмді насихаттау – 5;
  • порнография тарату – 133;
  • есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;
  • ойын бизнесі – 272;
  • жарнама – 24;
  • әкімшілік құқықбұзушылық – 4;
  • алаяқтық – 197;
  • баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.