Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» шақырту алды

«Біздің екінші курс студентіміз – Димаш Құдайбергеннің Қытайда ел намысын қорғап жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Бұған дейін ол «Жас қанатта», одан кейін «Славян базарында» жеңімпаз атанған. Қазір Қытайдағы xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Енді, біз оны «Евровидениеге» дайындап жатырмыз. Сосын ол «Америка дауысына» қатысады. Бүгін оны Лос-Анджелес қаласындағы мюзикл-шоуға шақыру алды», – деді Мұсақожаева бүгін Астанада өткен жиында.

Америка дауысы

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысуда. Ол сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, 1 орынды қанжығасына байлады.

Ал үшінші кезеңде Димаш үшінші орынды еншіледі. Десе де қазақ әншісі жалпы есепте қарсыластарын баса озып, көш бастап тұр.

Ал төртінші кезеңде Димаш Құдайбергенов қытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап, Қытай халқын тағы да аузына қаратты. Алайда бұл кезең эфирден 11 ақпан күні көрсетіледі.

Мақалаға реакция

12 Пікір

  1. А
    Айзат 9 жыл бұрын
    Димаш жарайсың! ОҚО Ленгер қаласында да сенің орындауыңды тыңдап, жеткен жетістіктеріңе қуанып отырмыз.
  2. С
    Сауле Мауленова 9 жыл бұрын
    Керемееет тек алға осындай әншілер көбейе берсің
  3. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Салем даусин кушти керемет сатылик тилемин демаш
  4. Қ
    Қызғалдақ 9 жыл бұрын
    Жарайсың Димаш!!!
  5. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    маладес димаш
  6. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    жарайсың Димаш аға БҚО сені қолдайды
  7. Ұ
    Ұлболсын 9 жыл бұрын
    Димаш сені елің жеңіспен күтіп отыр. Сен жеңіске лайықсың. Жарайсың балам.
  8. Ұ
    Ұлжан 9 жыл бұрын
    Димаш аға сіздің дауысыңыз өте керемет сөз жоқ.Сайыста жеңіп шығуыңызды тілеймін
  9. А
    Ақжол 9 жыл бұрын
    Евровидениеге қай мемлекеттін атынан барады, егер Қазақстан қатыспаса бұл шараға?
  10. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Димаштың жетістігі Қазақ елінің Жетістігі . Дауысында мін жоқ ,өз елімнің осындай жетістіктерін естіп, коргенде қатты куанам Алға Димаш намысты жіберме .Бір алла жар болсын балам!!!!
  11. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Баланы шаршатып алмаңдаршы. Демінде алдырыу керек қой!
  12. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    супер вы молодец!!! только в перед!!!