Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады. Негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалды, — деді министр үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайған.
Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетіп жатыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,7% құрады, — деді министр.
- Инвестициялар білім беруде – 87%-ке;
- мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамсыздандыруда – 74,1%-ке;
- құрылыс саласында – 61,9%-ке;
- ғылыми және техникалық қызметте – 53,7%-ке өскен.
Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қаласында және Ақмола облысында байқалып жатыр.
