Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Министр Украинадағы жағдайдың Қазақстан экономикасына әсері туралы айтты

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Әлібек Қуантыров бүгінде елімізде инфляция деңгейіне белгілі бір қысым бар екенін, дегенмен қазір инфляция бойынша болжам жасауға әлі ерте екенін айтты.

Жағдай тұрақтанбайынша бірдеңе айту қиын. Қазір Ресей мен Украина арасында жүріп жатқан келіссөздердің нәтижесін қарау керек. Негізінде жағдайды бірнеше күн ішінде реттеуге болатын еді, бірақ қазір үшінші апта бойы келіссөздер жүріп жатқанын көріп отырмыз, оның нәтижесін күтейік,- деді Әлібек Қуантыров сенат отырысынан кейін.

Министр қазір ел үкіметі дағдарысқа қарсы шараларды пысықтап жатқанын қосты.

Қазақстанда сыртқы міндеттемелер мен әлеуметтік міндеттемелерді төлеуде ешқашан қиындық болмаған,- деді министр.

Мақалаға реакция