Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның теннис ойнаған сәтінің фотоларын Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Telegram-каналында жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Фото: БОРТ N1 Telegram-каналы
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Фото: БОРТ N1 Telegram-каналы

Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған.

Тоқаев биылғы наурыздағы Алматыдағы сапарында жаңа үстел теннисі орталығына барды. Ол онда жас спортшымен теннис ойнап көрді.

Еске салайық, Қазақстан президенті Түркияға мемлекеттік сапармен барды. Ол Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойып, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді. Олар кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.

Күннің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.