Президент мемлекеттік сапармен Түркияға барды

Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады.

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Тоқаев, Түркия
Фото: БОРТ №1 Telegram арнасы

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Түркия
Фото: БОРТ №1 Telegram арнасы